Наурыз мерекесі: Ұлттық спорт күні

Наурыз мерекесі – бұл тек жаңару мен қуаныштың уақыты емес, сонымен қатар ұлттық спорттың мерекесі! 20 наурызда еліміздің әр түкпірінде ұлттық спорт түрлері жанданып, 150 мыңнан астам адам жарысқа қатысады. Сіз де осы ерекше сәттің куәсі болып, ұлттық бірегейліктің жарқын көрінісіне айналуыңызға мүмкіндік бар!
Наурыз мерекесі: Ұлттық спорт күні Уральске

Наурыз мерекесі – бұл тек жаңару мен қуаныштың уақыты емес, сонымен қатар ұлттық спорттың мерекесі. 20 наурызда еліміздің әр түкпірінде ұлттық спорт түрлері жанданып, 150 мыңнан астам адам жарысқа қатысады. Бұл күн төл спортымызды дәріптеуге, насихаттауға және оны заманауи үрдістермен ұштастыра отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған.

Ұлттық спорттың дамуы

Бүгінде республика бойынша 16 555 ұлттық спорт үйірмесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, кадр даярлау бағытында 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 17 спорт клубы қызмет атқаруда. Былтырдан бастап ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болды, бұл салаға жаңа мүмкіндіктер мен қаржыландыру көздерін ашты.

2025 жылдың маусым айында күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясында ұлттық спорт түрлері олимпиадалық және паралимпиадалық спортпен қатар басым бағыттардың қатарына енгізілді. Бұл өзгерістер ұлттық спорт өкілдеріне мақсатты қаржыландыруға жол ашып, оларды жоғары жетістіктер спорты санатына енгізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда елімізде асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тоғызқұмалақ сынды 11 ұлттық спорт түрі дамып келеді. Оның ішінде төртеуі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

Жыл сайын елімізде "Ақбидай" ауыл спорт ойындары, "Қазақстан барысы" турнирі, "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесі және этноспорт бойынша түрлі фестивальдер ұйымдастырылады. 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында республика бойынша 747 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған, бұл мерекелік жарыстарға шамамен 150 мың адам қатысады. Іс-шаралар барлық өңірді қамтып, ауылдық округтерден бастап аудан, қала және облыс орталықтарына дейін өткізіледі.

Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.