Қызылордада 20 мыңнан астам тұрғын «Тағзым орны таза болсын» акциясына қатысты
Бүгін Қызылорда облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында "Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым" атты жалпы халықтық акция өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен ұйымдастырылған шара барысында тарихи-мәдени ескерткіштер мен зираттарда көркейту, ағаш отырғызу және тазалау жұмыстары жүргізілді.
Акцияға қатысушылар
Тазалық акциясына 20 мыңнан астам тұрғын белсенді қатысып, өңірдегі киелі орындар мен көпшілік зираттарды тазалау, қоршауларды ретке келтіру, жолдарды жөндеу және көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асырды. Бұл шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен жастар да атсалысты.
Тазалықтың маңызы
Президентіміздің айтуынша, "Таза Қазақстан" бағдарламасы тек қоршаған ортаны қорғаумен шектелмейді, ол ой-сана тазалығын да қамтиды. Тазалықпен байланысты қалыптасқан ережелерге сәйкес, зираттарды күтіп-баптау, ата-баба рухына тағзым ету өте маңызды. Халқымыздың дүниетанымында қорымдар тек жерлеу орны емес, сонымен бірге, өткенге құрмет көрсететін қасиетті мекен.
Облыстағы 72 нысан киелі орындар тізбесіне енгізілген, оларға жергілікті бюджет және демеушілердің қолдауымен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Акция аясында 200-ге жуық қасиетті орын мен зираттың аумағын тазалау жұмыстарына қатысқан тұрғындардың белсенділігі тазалыққа деген жауапкершілікті арттыруға септігін тигізеді.









-
В Казахстане утвердили оптовую цену на газ для цифрового майнинга3-07-2026, 11:15 8