Teenager in Kazakhstan Takes Father's Car for Joyride Without Permission
Оқиға Орал қаласында 7 маусым күні таңғы 8:13-те орын алды. Жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Көліктің иесі Зачаганск кенті, Мөңкеұлы көшесінде тұраққа қойған темір тұлпардың жоқтығы туралы полицияға арыз берген.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшылары жоғалған көлікті іздеу үшін жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Нәтижесінде, көлік Жәңгір хан мен Жақыпов көшелерінің қиылысынан табылды.
– Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, жол қозғалысы қағидаларын бұза отырып, электр беру желісінің тірегіне соқтығысты. Тексеру барысында көлік тізгінінде арызданушының кәмелетке толмаған ұлы болғаны анықталды. Ол автокөлікті иесінің рұқсатынсыз алған, – деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің рұқсатсыз көлік жүргізуіне байланысты оның заңды өкілдерін жауапқа тарту үшін шаралар қабылдауды жоспарлауда.
Көлік иесі арыз-шағымын қайтарып алған.
-
Доллар и рубль: кто сегодня в выигрыше на рынке?Сегодня, 11:15 5
-
Изменения в Типовом плане счетов 2027: новая структура счетов доходов и расходов12-08-2026, 12:15 15
-
Казахстан: Новые меры для повышения безопасности труда на предприятиях12-08-2026, 17:15 12