В БҚО обнаружены опасные медицинские отходы: шприцы и биоматериалы на свалке
Әлеуметтік желіде Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылындағы қоқыс полигонында медициналық қалдықтардың, соның ішінде шприцтер, инфузиялық жүйелер мен биологиялық материалы бар сынауықтардың табылғаны туралы видео жарияланды. Видеода қалдықтардың қапшыққа салынғанын және топыраққа жартылай көмілгенін көруге болады. Тұрғындар бұл жағдайды сынға алып, медициналық қалдықтардың су айдынына жақын жерде көмілгені аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірді.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жергілікті прокуратура мен полиция департаменті тексеру жұмыстарын қолға алды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға бойынша тексеру басталғанын және қалдық табылған жер қоршауға алынғанын хабарлады.
– Аталған факт бойынша материал ішкі істер органдарында тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала ақпараттарға сәйкес, қалдықтарды медициналық қалдықтарды жинау, тасымалдау және жою қызметін жүзеге асыратын компания шығаруы мүмкін. Аумақ құзырлы органдардың бақылауында, – деді Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл жайт бойынша қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.
Алайда, тұрғындарды медициналық қалдықтардың қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған қоқыс полигонында не себепті көмілгені, медициналық қалдықтарды жою үшін қандай компания тендер ұтып алғаны, және полигонда табылған қалдықтардың қай мекемеге тиесілі екендігі секілді сұрақтар алаңдатуда.
-
Доллар и рубль: кто сегодня в выигрыше на рынке?Сегодня, 11:15 5
-
Изменения в Типовом плане счетов 2027: новая структура счетов доходов и расходов12-08-2026, 12:15 15
-
Казахстан: Новые меры для повышения безопасности труда на предприятиях12-08-2026, 17:15 12