REDMI Pad 2: Компактный гигант производительности от Xiaomi!

Xiaomi REDMI Pad 2 9.7 Series планшеттері жоғары өнімділік пен ықшамдылықты біріктіреді. Жаңа дисплей мен қуатты аккумулятормен сапалы контентті тамашалаңыз.
REDMI Pad 2: Компактный гигант производительности от Xiaomi! Уральске

Xiaomi Қазақстанда REDMI Pad 2 9.7 Series жаңа планшеттер желісін таныстырды. Бұл желіге REDMI Pad 2 9.7 және 4G байланысын қолдайтын REDMI Pad 2 9.7 4G нұсқасы кіреді. Жаңа REDMI Pad 2 сериясы ықшам үлгісімен қолданушыларға ыңғайлы әрі тасымалдауға жеңіл құрылғы ұсынып, алдыңғы буынмен салыстырғанда бірнеше маңызды жаңартулармен толықтырылған. Экран көлемі ұлғайып, аккумулятор сыйымдылығы артқан, өнімділігі жақсарған және корпус жұқартылған. REDMI Pad 2 9.7 Series жол үстінде ойын-сауық пен күнделікті қолдануға арналған тиімді шешім болып табылады.

Сапалы дисплей: жоғары айқындық пен қанық түстер

REDMI Pad 2 9.7 Series мультимедиалық тәжірибесінің маңызды артықшылықтарының бірі — сапалы дисплей. 9,7 дюймдік¹ 2K ажыратымдылықтағы экран суреттің ұсақ бөлшектерін дәл жеткізіп, кеңейтілген түстік қамту контенттің табиғи реңкі мен қанықтығын сақтайды. Көзге жайлылық та назардан тыс қалмаған. REDMI Pad 2 9.7 Series көру қабілетін қорғауға арналған TÜV Rheinland үштік сертификатына ие. Outdoor режимінде экран жарықтығы 600 нитке дейін жетіп, күн сәулесі қатты түсетін ортада да ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді. 120 Гц-ке дейінгі² жаңарту жиілігі интерфейс пен контентті бірқалыпты көрсетеді.

Автономдылық пен өнімділік

Планшетті ұзақ уақыт пайдалануда автономдылық аса маңызды. REDMI Pad 2 9.7 Series 7600 мАсағ (типтік мән) аккумулятормен жабдықталған, ол 1,7 күнге дейін³ жұмыс істей алады. Құрылғының өнімділігі Snapdragon® 6s 4G Gen 2 мобильді платформасымен қамтамасыз етіледі. Ол өнімділікті 34%-ға арттырып, AnTuTu тестінде 400 000-нан астам ұпай жинайды.⁴ 6 нм техпроцесімен жасалған сегіз ядролы процессордың жиілігі 2,9 ГГц-ке дейін жетеді. Алдыңғы буынмен салыстырғанда жылу тарату жүйесі жетілдірілген, бұл ұзақ қолдану кезінде тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.⁴

Жаңартылған интерфейс және құрылғылар арасындағы байланыс

REDMI Pad 2 9.7 Series тек қуатты техникалық сипаттамалармен ғана емес, сондай-ақ жаңа Xiaomi HyperOS 3⁵ операциялық жүйесімен де ерекшеленеді. Жүйе жаңартылған құлыптау экраны мен тұсқағаздар арқылы қолданушы интерфейсін анағұрлым ыңғайлы әрі икемді ете түскен. Xiaomi смартфон иелері үшін экожүйелік мүмкіндіктер де қарастырылған. Ортақ алмасу буфері арқылы смартфон мен планшет арасында мәтіндер мен файлдарды лезде көшіруге және қоюға болады.⁶ Google әзірлеген Circle to Search функциясы сурет арқылы іздеуді жеңілдетеді.⁷

Жұқа әрі берік корпус

REDMI Pad 2 9.7 Series қалыңдығы 7,4 мм³ болатын заманауи жұқа корпуста жасалған. Құрылғы Сұр және Күміс түсті нұсқаларында ұсынылады.⁸ 4G нұсқасы корпус бойымен өтетін сәндік жолағымен ерекшеленсе, REDMI Pad 2 9.7 классикалық стильде толық металл unibody корпусымен келеді.⁹ Екі планшет те тартымды дизайнмен қатар, 40-тан астам беріктік сынағынан өткізіліп, күнделікті қарқынды пайдалануға төзімді екені дәлелденген.³

Жоғары айқындықтағы дисплей, қуатты өнімділік және ықшам пішіннің үйлесімі REDMI Pad 2 9.7 мен REDMI Pad 2 9.7 4G модельдерін сапалы контент көріп, өнімді жұмыс істегісі келетіндер үшін тиімді шешімге айналдырады. Жаңа құрылғылар REDMI Pad 2 сериясының мүмкіндігін кеңейтіп, қолданушыларға сенімді әрі сәнді құрылғыны өз қажеттілігіне сай таңдауға мүмкіндік береді.

Бағасы мен сатылымы

REDMI Pad 2 9.7 екі жад нұсқасында ұсынылады:

  • 4 ГБ + 64 ГБ — 84 990 теңге;

  • 4 ГБ + 128 ГБ — 89 990 теңге.

REDMI Pad 2 9.7 4G 4 ГБ + 128 ГБ конфигурациясында 104 990 теңгеге сатылады.

REDMI Pad 2 9.7 Series негізгі сипаттамалары

Дисклеймер

¹ Экран диагоналі шамамен 9,7 дюймді құрайды. Дөңгеленген бұрыштарға байланысты пайдалы экран аумағы аздап кішірек болуы мүмкін.² 120 Гц жаңарту жиілігі тек қолдау көрсетілетін қосымшалар мен ойындарда қолжетімді.³ Деректер Xiaomi ішкі зертханасынан алынған. Нақты нәтиже қолдану сценарийіне байланысты өзгеруі мүмкін.⁴ Алдыңғы буын — REDMI Pad SE 8.7 және REDMI Pad SE 8.7 4G модельдерімен салыстырылған Xiaomi зертханалық деректері.⁵ Xiaomi HyperOS мүмкіндіктерінің қолжетімділігі бағдарламалық жасақтама нұсқасына және құрылғы моделіне байланысты.⁶ Құрылғылар Xiaomi HyperOS 3 жүйесіне жаңартылып, Bluetooth® пен WLAN қосулы болуы қажет. Сондай-ақ бір Xiaomi аккаунтына кіріп, «Xiaomi Interconnectivity» бөлімі белсендірілуі керек.⁷ Кей құрылғыларда ғана қолжетімді, интернетке қосылуды талап етеді.⁸ Түстердің қолжетімділігі аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.⁹ «Толық металл корпус» атауы құрылғының тек артқы панеліне қатысты.¹⁰ Бағалар мен акциялар аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.¹¹ Кей өңірлерде қуаттағыш жинаққа кірмеуі мүмкін.¹² Аксессуарлар бөлек сатылады.

Xiaomi туралы

Xiaomi Corporation 2010 жылдың сәуірінде құрылған және 2018 жылдың 9 шілдесінде Гонконг қор биржасының негізгі алаңына (1810.HK) шыққан. Компания тұтынушылық электроника мен ақылды өндіріс саласында жұмыс істейді және смартфондар мен IoT платформасына біріктірілген смарт құрылғылар экожүйесін дамытып келеді. Компанияның миссиясы — пайдаланушылардың жүрегінде ең үздік компания болу. Xiaomi инновацияға, пайдаланушы тәжірибесіне және операциялық тиімділікке тұрақты түрде инвестиция салады. Озық технологияларды барынша көп адамға қолжетімді ету үшін өнімдерін әділ бағамен ұсынады. Xiaomi әлемдегі жетекші смартфон өндірушілерінің қатарына кіреді. 2025 жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша смартфондар мен планшеттерді қоса есептегендегі ай сайынғы белсенді аудиториясы (MAU) 754,1 млн адамға жеткен. Сонымен қатар Xiaomi әлемдегі ең ірі AIoT платформаларының бірін дамытып келеді. 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша оған смартфондар, ноутбуктер мен планшеттерден бөлек 1 079,2 млн құрылғы қосылған. 2023 жылдың қазанында компания «Адам × Автокөлік × Үй» тұжырымдамасын ұсынып, жеке құрылғыларды, ақылды үй шешімдері мен автокөліктерді біріктіретін стратегиясын жаңартты. Xiaomi өнімдері әлемнің 100-ден астам елі мен аймағында сатылады. 2025 жылдың шілдесінде компания жетінші жыл қатарынан Fortune Global 500 тізіміне еніп, 297-орынға жайғасты.

Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.
Популярные новости