Олимп клиникалық-диагностикалық зертханасы Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар өткізілді.

«Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасы Оралдағы қарттар үйінің қызмет алушыларына Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық дастарханын ұйымдастырды. Орталықтың қызмет алушылары акцияны жоғары бағалап, ризашылық білдірді. Балкенже Давлетова: "Олимп» клиникасына мың да бір рахмет. Алла разы болсын!" деді. Зертхана болашақта осындай қайырымдылық акцияларын өткізуді жоспарлап отыр.
Олимп клиникалық-диагностикалық зертханасы Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар өткізілді. Уральске

Құрбан айттағы қайырымдылық акциясы

«Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасы Оралдағы қарттар үйінің қызмет алушыларына көңіл күй сыйлады.

Құрбан айт – мұсылмандар үшін маңызды мереке, бұл күні адамдардың арасындағы қарым-қатынас жақсарып, ренжіскен жандар татуласады. Мейрам қайырымдылыққа шақырады, жомарт жандар көмекке мұқтаждарға қол ұшын береді.

Бүгінде елімізде қайырымдылық акциялары игі дәстүрге айналды. Жыл сайын осы мейрамда игі іс атқаратын адамдар мен ұйымдар саны артып келеді. «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасы 20 жылдық мерейтойы аясында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық дастарханын ұйымдастырды.

       Бұл шараның басты мақсаты - үлкендерге құрмет көрсету, қоғамға қолдау білдіру. Компаниямыз әлеуметтік жауапкершілікті басты назарда ұстайды, – деді «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасының қызметкерлері.

«Олимптың» акциясы «Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» өтті. Орталықтың қызмет алушылары ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қайырымдылық шарасынан риза болды. Риза болған жандардың бірі, Балкенже Давлетова, ұйымдастырушыларға бата беріп, өзінің қуанышымен бөлісті. Ол орталықта төрт жылдан бері өмір сүріп келеді.

       «Олимп» клиникасына мың да бір рахмет. Алла разы болсын! Шаңырақтары шайқалмай, аман жүрсін. Еңбектері жемісті болсын. Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын!, – дейді Балкенже Давлетова.

Орталықта 500-ден астам қызмет алушы бар, олар тәулік бойы қызмет алады. Оралдағы мекеме еліміз бойынша ірі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болып табылады. Орталықтың сегіз бағыт бойынша жұмыс істейді. Орталық директорының орынбасары Әсемгүл Кашкинбаева: «Асыраушысынан айырылған жандардың көңілін аулау үлкен сауап», – деп бағалады.

       Біздің орталығымызда Құрбан айт мерекесі тойланып жатыр. Біздер қызмет алушыларымызға ерекше көңіл күй сыйлап, өздерінің дәмді тағамдарын ұсынып жатқан «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасына үлкен рахмет айтамыз! – деді Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Әсемгүл Ерланқызы.

«Олимп» зертханасы келешекте осындай қайырымдылық акцияларын көптеп ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Зертхана қам көңіл жандар назардан тыс қалмауы керек деген ойда!

Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.
Популярные новости