Құрбандық: тәртіп, қауіпсіздік және салттың мәні

Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалудың тәртібі мен қауіпсіздігі маңызды. Бұл күні мұсылмандар туыстық қарым-қатынастарын нығайтып, жақсылық жасайды.
Құрбандық: тәртіп, қауіпсіздік және салттың мәні Уральске

27 мамыр – Құрбан айт. Бұл мереке Қазақстан мұсылмандары үшін ерекше маңызды. Айт намазының кестесі жарияланды, Батыс Қазақстан облысында айт намазы таңғы сағат алты жарымда оқылады. Намаздан кейін мұсылмандар құрбан шалуға кіріседі.

Құрбан айт мерекесінің маңызы туралы Батыс Қазақстан облысындағы Ар-Рахман мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаев пікір білдірді.

- Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Бұл мерекеде адамдар бір-бірінің арасындағы өкпе-назды, ренішті ұмытып, туыстық, бауырмалдық қарым-қатынасты жаңартуға, отбасына көңіл бөлуге, мейірім, махаббат сыйлауға тиіс. Үш күндік мереке жақсылыққа толы болуы керек. Мерекеде адамдар бір-біріне ренжіп, араласпай жүрген болса, оларды өз үйіңе шақырып, татуластыру, мұқтаж жандарға ет таратып, садақа беруге болады, – деді Бағдат Шақаев.

Ежегодно елімізде онлайн құрбан шалуға мүмкіндік бар. Қой мен ешкіні бір адам шалса, сиыр мен түйені жеті адамға дейін бірігіп шалуына рұқсат етіледі. Құрбандық етін әдетте үшке бөледі. Бағдат Шақаев құрбандыққа қандай малды шалу керек екені туралы да айтты.

- Құрбан айтта алты айға толмаған қозыларды, ақсақ-тоқсақ, арық, ауру малды союға болмайды. Олар құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа ең жақсысын, ең әдемісін шалу қажет. Құрбандыққа ешкі, қой, сиыр және түйе шалынады, ал жылқы құрбандыққа шалынбайды. Қойдың еті үшке бөлінеді. Бір бөлігін өздері алып, дәм татуға арнайды, ал екінші, үшінші бөлігін таратып береді. Мұқтаж адамдарды іздеу керек. Ең жақсы амал – туыстарыңа беріп, көршіңнен іздеу, – деді имам.

Құрбан айтта қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылуы тиіс. Облыста мал сойып, бас үйітетін 14 орын белгіленген. Арнайы орындардың үшеуі Орал қаласында орналасқан. Төтенше жағдайлар департаменті мерекеде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

- Құрбан шалатын орындардағы өрт қауіпсіздігінің бес негізгі ережесі бар. Біріншіден, газ тек далада болуы керек. Ғимарат ішінде газ баллондары мен жанарғыларды қолдануға тыйым салынады. Малдың басы мен сирағын үйіту тек ашық аспан астында рұқсат етіледі. Әрбір үйітетін орын өрт сөндіргіштермен, құм салынған жәшікпен және су құйылған бөшкелермен жабдықталуы міндетті. Жұмысшылар мен қасапшылар техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқамадан өтуі керек, – деді Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің маманы Аблай Мухамбетов.

Құрбан айт – мұсылмандар үшін ең ұлық әрі қасиетті мереке. Айт үш күнге жалғасады. Құрбан шалғысы келетіндер 29 мамыр ақшам намазына дейін үлгеруі тиіс. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айтта ұлттық киім киіп, салт-дәстүрімізді сақтау қажеттігін атап өтті.

Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.
Популярные новости