Ұлттық кітап күні: руханият мерекесі Оралда
Оралда Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай "Ұлттық кітап күні – руханият мерекесі" атты фестиваль өтті. Салтанатты іс-шара Жұбан ескерткішінің алдында басталып, оған зиялы қауым, кітапханашылар мен кітап сүйер оқырмандар қатысты. Олар ақын Жұбан Молдағалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оған тағзым етті.
Фестиваль аясында "Алаш" әдеби сыйлығының, "Парасат" орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы, ақын әрі жазушы Дариға Мұштанова кітап оқу мәселесіне тоқталып, қазіргі жағдайды баяндады.
Жұбан саябағында өткен іс-шарада Хадиша театрының актерлері ақын-жазушының образдарын сомдап, олардың өлеңдерін оқыды. Облыстағы кітапханалар кітап көрмесін ұйымдастырып, онда зағип жандар үшін Брайль әліпбиімен жазылған кітаптар, балаларға арналған оқулықтар мен Жұбан кітапханасының тарихын баяндайтын суреттер қойылды.
Кітап оқудың жастар арасында төмендеп жатқаны туралы пікірлер жиі айтылуда. Фестивальға қатысқан кітапханашылармен жастардың кітап оқу әдеттері туралы сұрастырып көрдік. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында 20 мыңнан астам оқырман бар. 5-9 сыныптың оқушылары түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға қызығушылық танытады.
- Қазір «балалар кітап оқымайды» деп айтады. Жоқ, олай емес. Балалар кітап оқиды. Кітапханамызда орта сынып оқушыларына қызмет көрсететін бөлім бар. 5-9 сыныптың оқушылары біздің жергілікті авторлар Талап Таймасұлы мен Жантас Сафуллиннің комикстерін жақсы оқиды. Ұлдар спортты оқиды. Эпостарға деген сұраныс көп. Жергілікті ағайынды Айтқалиевтердің жазған кітабын оқырмандар жиі сұрайды, - дейді Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бөлім басшысы Ақмарал Кальчукова.
Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған фестиваль филармония залында жалғасты. Салтанатты жиында кітапхана ісі мен кітап оқу мәдениетін насихаттап жүрген мамандар марапатталды.
-
Доллар и рубль: кто сегодня в выигрыше на рынке?Сегодня, 11:15 5
-
Изменения в Типовом плане счетов 2027: новая структура счетов доходов и расходов12-08-2026, 12:15 15
-
Казахстан: Новые меры для повышения безопасности труда на предприятиях12-08-2026, 17:15 12