Международное внимание к старту основного ЕНТ 10 мая: как казахстанская система образования адаптируется к мировым стандартам

10 мамырда Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады, оған 446 мыңнан астам талапкер қатысу үшін өтініш берген. Биыл білім сынағын екі мәрте тапсыра алатын 240 мың адам, олардың 73% қазақ тілінде, 27% орыс тілінде, ал 521 адам ағылшын тілінде сынақ тапсырмақ.
Международное внимание к старту основного ЕНТ 10 мая: как казахстанская система образования адаптируется к мировым стандартам Уральске

Оныншы мамырдан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Биыл талапкерлер білім сынағын екі мәрте тапсыра алады, және бұл мүмкіндікті 240 мың адам пайдаланбақшы. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін 446 мыңнан астам өтініш берілген.

Тестке қатысушылардың 73 пайызы қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде, ал 521 адам ағылшын тілінде сынақ тапсырады. Батыс Қазақстан облысында 7286 бала ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірді.

- Тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 17,9%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын, 14,5%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын, 12,4%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған, - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пән мен таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны 120-ны құрайды, оның ішінде:

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша - 20 тапсырма;
  • «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен - 10 тапсырмадан;
  • Екі бейіндік пәннің әрқайсысынан - 40 тапсырмадан.

ҰБТ бойынша ең жоғары балл 140 балды құрайды. Тестілеу оныншы шілдеге дейін жалғасады.

Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.
Популярные новости