В Орале 67 семей получили ключи от новых квартир: начало новой жизни для жителей города

Оралда 67 отбасы жаңа пәтермен қамтамасыз етілді, бұл тұрғындардың баспана мәселесін шешуге көмектеседі. Қалада тұрғын үй заңнамасындағы өзгерістер нәтижесінде баспана кезегінде тұрған азаматтардың саны артып, жеделдетілген түрде тұрғын үй алу мүмкіндігі пайда болды.
В Орале 67 семей получили ключи от новых квартир: начало новой жизни для жителей города Уральске

Орал қаласында жаңа баспаналы болған 67 отбасы үшін қуанышты сәт орын алды. Жеңіс күні қарсаңында қала әкімі Мұрат Байменов жаңа қоныстың кілттерін табыстады.

Жаңа тұрғын үй Ақжайық шағын ауданында орналасқан. «Болашақ-Т» компаниясының құрылысымен салынған бес қабатты, 80 пәтерлі үйдің кілттері «Отбасы банкі» арқылы ипотека алған отбасыларға берілді.

- Бүгін біз үшін ерекше күн. «Болашақ» компаниясы 80 пәтерлі үйдің құрылысын аяқтап, кілттерді табыстап отырмыз. «Ақжайық» шағын ауданында тұрғын үйлер, жолдар, су және кәріз жүйелері жүргізілді. №9 маршрут жолаушыларды тасымалдап жүр. Болашақта бұл аудан өзін-өзі қамтитын әлеуметтік инфрақұрылымы бар ауданға айналады. Ай сайын осындай жағымды жаңалықтармен қуантамыз. 20 мамырда тағы бір үйдің кілтін табыстаймыз, - деді Орал қаласының әкімі.

Баспаналы болғандардың бірі, бірінші топ мүгедегі Айша Салауатова, 16 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Ол ипотекалық бағдарламаларға қатысып, жалдамалы үйдің кезегі келмегендіктен, пәтерді несиеге рәсімдеді.

- Мен бірінші топ мүгедегі ретінде 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрмын. Бұған дейін бірнеше рет ипотека рәсімдеуге әрекеттендім, бірақ сәті түспеді. Ақпан айында конкурстан өтіп, «Отбасы банкіне» барып, құжаттарымызды тапсырдық. Нәтижесінде, өз пәтеріміздің кілтін алдық. Екі бөлмелі пәтерді 16 жарым жылға несиеге рәсімдедік, - деді Айша Салауатова.

Орал қаласында қазіргі таңда 30 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Өткен жылы тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бес жыл бойы баспанасы жоқ кез келген адам баспана алу үшін кезекке тұра алады. Бұрын тек 7-8 санаттағы азаматтар ғана кезекке тұра алатын.

Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.
Популярные новости