БҚО әкімі цифрландыру мен су ресурстарын басқаруға қатысты жаңа тапсырмалар берді

Вчера, 12:00 Новости Уральска 2 adm

Оралда өткен жиында өңір басшысы басқарма жетекшілеріне цифрландыруды енгізу, су нысандарын жаңғырту және инвестиция тарту бойынша тапсырмалар жүктеді.

БҚО әкімі цифрландыру мен су ресурстарын басқаруға қатысты жаңа тапсырмалар берді Уральске
Батыс Қазақстан облысында цифрландыруды дамыту және су ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды. Оралда өткен жиынға аймақ әкімі Нариман Төрағалиев, басқарма басшылары, кәсіпкерлер және IT-мамандар қатысты.
Президенттің 2025 жылғы жолдауында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға басымдық берілгенін атап өткен өңір басшысы, облыста осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Ол басқарма жетекшілеріне экономиканың барлық саласында цифрлық шешімдерді енгізуді, инвестиция тартуды және өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Сонымен қатар, облыс орталығындағы Абай даңғылы 54/9 мекенжайында орналасқан бұрынғы қала әкімдігі ғимаратын цифрлық даму басқармасының теңгеріміне беруді тапсырды.
Жиында Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ ректоры университетте іске қосылған Face ID жүйесі мен студенттердің жасанды интеллектті пайдаланып әзірлеген бес жаңа бағдарламасы туралы айтты. Жаңа сервистердің арқасында гранттар туралы ақпарат тәулік бойы қолжетімді болды, ал қатысу тәртібі автоматтандырылды. Әкім бұл тәжірибені колледждер мен мектептерге енгізу қажеттігін атап өтті.
Су ресурстары саласы да назардан тыс қалмады. «Қазсушар» облыстық филиалының директоры Рауан Хусайынов су қоймалары мен каналдарды жаңғырту жобалары туралы баяндап, автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу жоспарын түсіндірді. Оның айтуынша, биыл Жайық өзенінен 50 млн м³ көлемінде су көтеру көзделіп отыр. Сонымен қатар, Қараөзен және Сарыөзен өзендерінде екі жаңа су қоймасын салу жоспарланған.
Өткен жылы 74 шақырым канал ішінара тазартылса, биылғы жоспар – 144 шақырым. Қазірдің өзінде 100 шақырым тазартылды. Министрліктің қолдауымен филиалдың техникалық паркі жаңартылып, 72 бірлік арнайы техника сатып алу көзделген, олардың 65-і жеткізілді.
Кеңестің қорытындысында аймақ әкімі мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтіп, барлық басқарма басшыларына жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруды тапсырды.
Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.