БҚО оқушылары Румынияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыста жеңіске жетті

8-09-2025, 12:02 Новости Уральска 14 adm

Батысқазақстандық жас спортшылар Румынияда өткен тоғызқұмалақтан халықаралық турнирде екі алтын, екі күміс жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын алды. Жарысқа жеті елден алпысқа жуық спортшы қатысты.

БҚО оқушылары Румынияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыста жеңіске жетті Уральске
Қыркүйектің 5–7 күндері Румынияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті. Додаға Қазақстанмен қатар Румыния, Германия, Түркия, Италия, Болгария және Венгриядан алпысқа жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының жас спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Олар екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.
Жекелей сында ерлер арасында Әбдрахман Текебай алтын медаль иеленсе, қыздар арасында бірінші орынды Қарақат Сәлімғали жеңіп алды. Сондай-ақ Ализа Ерниязова мен Айым Қонасова күміс жүлдегер атанды.
Бұл жетістік туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.
Популярные новости