Ипотекасы бар қызметкерлер үшін ЖТС төлеуден босату мәселесі өзекті. Жалақы алатын қызметкердің ипотекасы болса, ЖТС ұсталуы керек пе? Бұл сұраққа жауап беру үшін ипотека бойынша ЖТС жеңілдігінің қалай қолданылатынын түсіну маңызды. Ипотека бойынша ЖТС же
Ипотекалық қарызы бар азаматтарға мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер ұсынылады. Бұған дейін бұл құқық тек «Отбасы банкінде» ипотекасы бар адамдарға берілсе, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы кез келген банкте ипотекасы бар барлық қарыз алушыларға қолжетімді болады (ҚР СК 351-бабы 1-тармағы).
Алайда, қызметкердің ипотекасы бар болса, оның жалақысынан жеке табыс салығын (ЖТС) ұстамауға бола ма? Бұл сұраққа жауап берейік.
ҚР Салық кодексінің 351-бабына сәйкес, қызметкердің жалақысының ипотекалық несие бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған бөлігі ЖТС-тан босатылады. Яғни, ЖТС-тан босатылатын табыс тек банкке төленген сыйақы сомасына тең болады, жалақының жалпы сомасына емес.
Салық кодексінің 351-бабы 3-тармағында салықтық шегерімді қолдану үшін қажетті құжаттар тізімі көрсетілген:
- ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;
- сыйақы сомасы көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;
- сыйақыны өтеуді растайтын құжат (төлем түбіртегі).
Сонымен қатар, қызметкердің шегерімді қолдану туралы өтініші қажет. Ипотека бойынша ай сайынғы төлемді өтеу кезінде қызметкер төлемді растайтын құжаттардың көшірмелерін жұмыс берушінің бухгалтериясына ұсынуы тиіс.
Салықтық шегерім тек сыйақы сомасына қатысты, негізгі қарызға қолданылмайды. ҚР СК 351-бабы 2-тармағына сәйкес, шегерім сомасы 118 АЕК-тен аспауы тиіс. Сыйақы сомасын лимиттен аспау үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесімен ай сайын салыстыру қажет.
Салықтық шегерімдер келесі күндердің ең кеші түскен салық кезеңінде қолданылады:
- өтеу кестесі бойынша сыйақыны төлеу күні;
- сыйақыны төлеу күні.
Осылайша, қызметкердің ипотекалық қарызы болуы оны ЖТС төлеуден толық босатпайды. Бұл тек жеңілдік алуға мүмкіндік береді, яғни жалақысының банкке төленген сыйақы сомасына тең бөлігін ЖТС-тан босатуға құқық береді, егер ҚР СК 351-бабы 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылса.
2025 жылғы ЖТС есебі мынадай болады:
ЖТС = (Оклад – МЗЖ (10%) – 14 АЕК – МӘМС жарнасы – өтеу кестесі бойынша сыйақы) * 10% = ЖТС.
Мысалы, 2025 жылы қызметкердің айлық жалақысы 200 000 тг. Ипотекалық қарыз шарты мен өтеу кестесіне сәйкес, ол ай сайын 95 000 тг ипотека төлейді, оның ішінде сыйақы сомасы – 25 000 тг. ЖТС-ты есептейміз:
(200 000 – 20 000 МЗЖ – (143 932) – (200 0002% МӘМС) – 25 000) * 10% = (200 000 – 20 000 – 55 048 – 4 000 – 25 000) * 10% = 95 952 * 10% = 9 595 тг ЖТС.
Егер қызметкер сыйақы бойынша шегерімді пайдаланбаса және бухгалтерияға өтініш бермесе, ай сайын оның жалақысынан ұсталатын сома:
(200 000 – 20 000 МЗЖ – (143 932) – (200 0002% МӘМС)) * 10% = (200 000 – 20 000 – 55 048 – 4 000) * 10% = 120 952 * 10% = 12 095 тг ЖТС.
Осылайша, өтініш берген жағдайда, қызметкер ай сайын ЖТС-тан:
12 095 – 9 595 = 2 500 тг үнемдейді.
-
Доллар и рубль: кто сегодня в выигрыше на рынке?Сегодня, 11:15 6
-
Изменения в Типовом плане счетов 2027: новая структура счетов доходов и расходов12-08-2026, 12:15 15
-
Казахстан: Новые меры для повышения безопасности труда на предприятиях12-08-2026, 17:15 12
-
Коллективный договор: ваш щит и меч в мире трудовых отношений12-08-2026, 14:15 8